Мазмұнға өту

ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Түрлі жерлерде сенімдері үшін түрмеде отырған Ехоба куәгерлері жайлы мәлімет

Түрлі жерлерде сенімдері үшін түрмеде отырған Ехоба куәгерлері жайлы мәлімет

2024 жылдың мамыр айындағы мәліметке сай, сенімі үшін темір торда отырған Ехоба куәгерлерінің саны:

МЕМЛЕКЕТ

ТҮРМЕДЕ ОТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ

ТАҒЫЛҒАН АЙЫБЫ

Қырым

9

  • Діни іс-шараға қатысу

Ресей

123

  • Діни іс-шараға қатысу

Сингапур

10

  • Моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тарту

Эритрея

38

  • Діни іс-шараға қатысу

  • Белгісіз

Басқа елдер

21-тен астам

  • Діни іс-шараға қатысу

Барлығы

201-ден астам

 

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабына сәйкес, адамның негізгі құқықтарына ой-пікір, ар-ождан және діни бостандығы кіреді a. Кейбір елдерде тұратын Ехоба куәгерлері осы құқықтарына жүгінгені үшін түрмеге жабылып, тіпті қорлық көруде. Түрмеде отырғандардың көбісі діни іс-шаралармен айналысқандарына бола қамауға алынған. Өзгелері болса моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тартқаны үшін түрмеге жабылған.

a Сонымен қатар БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 18-бабын және Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияның 9-бабын қараңыз.