Мазмұнға өту

Зулу тіліндегі “Күзет мұнарасына” 75 жыл толды

1 АҚПАН, 2024
ОҢТҮСТІК АФРИКА

Зулу тілінде Ехобаның Патшалығының жарияланып жатқанына 75 жыл

Зулу тілінде Ехобаның Патшалығының жарияланып жатқанына 75 жыл

2024 жылдың қаңтарында “Күзет мұнарасының” зулу тілінде шығып жатқанына 75 жыл болды. 1949 жылы зулу тіліндегі “Күзет мұнарасы” Оңтүстік Африка филиалында ротатор арқылы басып шығарыла бастады. Уақыт өте филиал заманауи баспа машинасын алды. Соның арқасында журналдарымыздың саны да, сапасы да арта түсті.

Аудармашы диктофон арқылы әдебиетті зулу тіліне аударып отыр (1980 жылдар)

Алғашында зулу тіліндегі аудармашыларды орналастыру үшін ыңғайлы жер табу қиын болды. Сол кездері Оңтүстік Африкадағы апартеид заңы бойынша нәсілі әртүрлі адамдардың бір жерде тұруына болмайтын. Сол себепті қара нәсілді аудармашы бауырластар Бетелден тыс жерде тұруға мәжбүр болды. Олардың Бетелге келіп-кетуіне көп уақыт пен қаражат кететін, бұдан бөлек басқа да қиындықтар болды. Мысалы, 20 аудармашы хостелде бір бөлмеде бірге тұрған кездер болды. Қазір Оңтүстік Африка филиалында комитет мүшесі болып қызмет ететін Алфред Патсвана бауырлас сол хостелде тұрғандардың бірі еді. Ол 1981 жылдан бастап екі жыл бойы осындай жағдайда өмір сүрді. Ол былай деп еске алды: “Хостелдің іші онша емес еді. Бірақ аударма ісін атқару үшін әйтеуір басымызда бір баспана болғанына қуандық. Тұратын жерімізді барынша таза ұстағанымыз басқаларға жақсы куәлік болды”.

Қуанышымызға орай, бүгінгі таңда Оңтүстік Африкадағы аудармашы бауырластарымыз Дурбан қаласында орналасқан қашықтағы аударма кеңсесінде бірге қызмет етіп, бірге тұра алады. Қазір зулу тіліндегі 584 қауымда 28 000-нан аса жариялаушы қызмет етеді. Олар ана тілдерінде шығып жатқан “Күзет мұнарасы” мен басқа да әдебиеттердің пайдасын көріп жүр.

Жоғарыда: қашықтағы аударма кеңсесі (Дурбан, Оңтүстік Африка). Ортада: қашықтағы аударма кеңсесінде қызмет ететін бауырластар. Оң жақта: бауырластар зулу тіліндегі “Күзет мұнарасымен” уағыздап тұр

Ехоба зулу тіліндегі “Күзет мұнарасы” мен басқа да әдебиеттердің аудармасына батасын беріп жатқанына біз өте қуаныштымыз. Соның арқасында көп адам “өмір суын... тегін ала алады” (Аян 22:17).