Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері протестанттар ма?

Ехоба куәгерлері протестанттар ма?

Жоқ. Ехоба куәгерлері мәсіхшілер болғанымен, өздерін протестанттардың қатарына жатқызбайды. Неге?

Протестанттық — негізінен Римдік католицизмге қарсы бас көтерген діни ағым. Біз, Ехоба куәгерлері, Католик шіркеуінің ілімдерімен келіспегенімізбен, келесі себептермен өзімізді протестант деп те есептемейміз:

  1. Протестант ілімдерінің бірқатары Киелі кітапқа қайшы келеді. Мысалы, Киелі кітап Құдай үштік, яғни үш тұлға емес, ол жалғыз деп үйретеді (Тімөтеге 1-хат 2:5; Жохан 14:28). Сондай-ақ онда Құдай зұлымдарды тозақ отында қинайды деп емес, мәңгіге жояды деп жазылған (Забур 36:9; Салоникалықтарға 2-хат 1:9).

  2. Біз католик шіркеуіне не басқа да діндерге қарсы шықпаймыз және оларды өзгертуге тырыспаймыз. Біз Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды жариялап, өзгелерге Құдайдың уәделері орындалатынына сенуге көмектесеміз (Матай 24:14; 28:19, 20). Біздің ниетіміз — басқа діндерді өзгерту емес, ақжүрек адамдарға Құдай жайлы және оның Сөзі Киелі кітап жайлы шындықты үйрету (Қолостықтарға 1:9, 10; Тімөтеге 2-хат 2:24, 25).