Мазмұнға өту

Осы дүниенің соңы қашан келеді?

Осы дүниенің соңы қашан келеді?

Киелі кітаптың жауабы

 Осы дүниенің соңы қашан келетінін білу үшін, алдымен “дүние” сөзі Киелі кітапта қай мағынада қолданылатынын түсініп алу қажет. “Дүние” деп аударылып жүрген гректің “космос” сөзі жиі адамзатты, әсіресе Құдайдан безген әрі оның еркіне сай өмір сүрмейтін адамдарды білдіреді (Жохан 15:18, 19; Петірдің 2-хаты 2:5). Ал кейде “космос” сөзі адамзат қоғамының құрылымына нұсқайды (Қорынттықтарға 1-хат 7:31; Жоханның 1-хаты 2:15, 16) a.

“Дүниенің соңы” дегеніміз не?

 Көптеген Киелі кітапта кездесетін “дүниенің соңы” деген тіркесті “қалыптасқан құрылымның аяқталуы” немесе “заманның аяқталып қалуы” деп те аударуға болады (Матай 24:3, “English Standard Version”). Бұл тіркес жердің жойылуын немесе адамзаттың жаппай қырылуын емес, адамзат қоғамының құрылымының жойылуын білдіреді (Жоханның 1-хаты 2:17).

 Киелі кітапта “зұлымдардың құрып кететіні” айтылған, осылайша жақсы адамдар жердегі өмірдің рақатын көре алады (Зәбүр 37:9—11). Зұлымдық атаулы “зор алапат” кезінде жойылады, ал “зор алапаттың” шарықтау шегі Армагеддон соғысы болады (Матай 24:21, 22; Аян 16:14, 16).

Осы дүниенің соңы қашан келеді?

 Иса былай деген: “Сол күн мен сағатты ешкім — көктегі періштелер де, Ұл да — білмейді, тек Әкем ғана біледі” (Матай 24:36, 42). Сосын дүниенің соңы күтпеген жерден келетініне нұсқап: “Өздерің ойламаған сағатта келеді”,— деп қосты (Матай 24:44).

 Біз сол күн мен сағатты біле алмасақ та, Иса дүниенің соңы жақындап қалғанын анықтауға көмектесетін құрамдас “белгіні”, яғни әртүрлі оқиғалардың жиынтығын айтып кеткен (Матай 24:3, 7—14). Киелі кітапта бұл кезең “ақырғы уақыт”, “заманның соңы” және “соңғы күндер” деп аталған (Даниял 12:4; Тімөтеге 2-хат 3:1—5).

Дүниенің соңы бәрінің соңы ма?

 Жоқ. Жер өз орнында қалады, өйткені Киелі кітапта “жердің өз орнынан ешқашан жылжымайтыны” айтылған (Зәбүр 104:5). Сондай-ақ жер беті, Киелі кітапта уәде етілгендей, жақсы адамдарға толатын болады: “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29). Құдай о баста адамзат үшін ниет еткенін жүзеге асырады:

a Кейбір Киелі кітаптарда грекше “айон” сөзі де “дүние” деп аударылған. Бұлай аударылған жағдайда “айон” сөзінің мағынасы адамзат қоғамының жүйесіне нұсқайтын “космос” сөзінің мағынасына ұқсас келеді.