Мазмұнға өту

Қайғы-қасіретке Құдай кінәлі ме?

Қайғы-қасіретке Құдай кінәлі ме?

Киелі кітаптың жауабы

 Киелі кітапта олай емес екені нақты айтылған! Қайғы-қасірет Ехоба Құдайдың адамзатқа қатысты ниетіне кірмеген. Алайда алғашқы жұп ненің жақсы ненің жаман екенін өздері таңдауды шешіп, Құдайдың билігіне қарсы шықты. Олар Құдайдан бас тартып, нәтижесінде қайғы-қасірет шегетін болды.

 Бүгін біз Адам ата мен Хауа ана жасаған бұрыс шешімнің салдарын көрудеміз. Бірақ адамзаттың қайғы-қасіретіне бастама берген Құдай емес.

 Киелі кітапта былай делінген: “Басына сынақ түскен адам: “Мені Құдай сынап жатыр”,— демесін. Өйткені ешкім Құдайды жамандықпен сынай алмайды, оның өзі де ешкімді жамандықпен сынамайды” (Жақып 1:13). Барлық адам, тіпті Құдайға ұнамды адамдар да, қайғы-қасірет шегеді.