Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сіз білгенсіз бе?

Сіз білгенсіз бе?

Киелі кітап заманында үй басқарушылар қандай міндет атқарған?

КИЕЛІ КІТАП заманында үй басқарушы басқа бір адамның үй-ішін не мүлкін басқаратын болған. “Үй басқарушы” деп аударылған еврей және грек сөзі кейде бақылаушы дегенді де білдіреді.

Жақыптың ұлы Жүсіп Мысырда құл болып жүргенде, қожайынының үй-ішін басқарған. Мысырлық қожайыны оған “өзіндегінің бәрін... сеніп тапсырған” (Мұс. 1-ж. 39:2—6). Ал кейінірек Жүсіп Мысырдың мықты билеушісіне айналғанда, оның өзі де үй-ішіне басқарушы тағайындады (Мұс. 1-ж. 44:4).

Исаның кезінде жер иелері әдетте егіндіктерінен алыста, қалалы жерлерде тұратын. Сондықтан жер иелері егіндіктегі жұмысшылардың қалай жұмыс істеп жатқанын күнде қадағалап отыру үшін басқарушылар тағайындаған.

Үй басқарушы міндетіне қандай адамды таңдаған? I ғасырдағы римдік жазушы Колумелланың айтуынша, үй басқарушы не бақылаушы болып таңдалатын құл “жұмысты жақсы істеуді үйренген адам” болуы керек. Ол “жұмысшылардың өз міндеттерін атқарып жатқандарын қадағалауы, бірақ қатыгез болмауы керек еді”. Сондай-ақ “үй басқарушыдан талап етілген басты нәрсе — ол бәрін білем деп ойламай, жаңа нәрселерді үйренуге ықыласты болуы тиіс”.

Құдай Сөзінде үй басқарушы мен оның атқаратын жұмысы мәсіхшілер қауымындағы кейбір іс-шараларға қатысты қолданылады. Мысалы, елші Петір мәсіхшілерді “Құдайдың... рақымының үлгілі басқарушысы ретінде” Құдай дарытқан қабілеттерін бір-біріне қызмет ету үшін қолдануға шақырған (Пет. 1-х. 4:10).

Иса да Лұқа 16:1—8 жазылған мысалда үй басқарушы жайлы айтқан. Бұған қоса, Патша ретінде осында болуын көрсететін белгі жайлы айтқанда, ол ізбасарларына “адал да ақылды басқарушы” яки “үй басқарушы” тағайындайтынын айтқан. Оның басты міндеті соңғы күндері Исаның ізбасарларына рухани ас-суды беріп отыру болмақ еді (Мат. 24:45—47; Лұқа 12:42). Осы адал басқарушы сенімді нығайтарлық әдебиеттерді дайындап, оларды дүниежүзі бойынша қолжетімді етіп отыр. Бұған біз дән ризамыз!