Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сүюші Алланың асқан қамқорлығы

Сүюші Алланың асқан қамқорлығы

1. КҮН НҰРЫН ТӨККІЗЕДІ

Күн болмаса жер бетінде тіршілік те болмас еді. Күн сәулесінің арқасында ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды, гүлдеп, жеміс салады, дән мен тұқым береді. Күннің арқасында ағаштар тамыры арқылы жерден су сіңіріп, оны жапырақтарына дейін көтеріп, кейін ауаға бу етіп таратады.

2. ЖАҢБЫРМЕН ЖЕРДІ КӨГЕРТЕДІ

Жаратушымыздың тағы бір керемет сыйы — жауын. Жауынның арқасында жер нәр алып, жеміс-жидек, көгөніс өсіріп шығарады. Жаратқан Алла мезгіліне қарай мол өнім бергізіп, көл-көсір ас-су сыйлайды. Осылайша жүрегімізді қуанышқа толтырады.

3. КИЕР КИІМ МЕН ІШЕР АС БЕРЕДІ

Әр үйдің отағасы бала-шағасының көйлегі көк, қарны тоқ болса екен дейді. Киелі жазбаларда * қандай тағылым жазылғанына назар аударыңызшы: “Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді, орып, қамбаға жинамайды, әйтсе де көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер олардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!” (Матай 6:25, 26).

“Даладағы лалагүлдердің қалай өсетінінен сабақ алыңдар... Мен сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша бар сән-салтанатында солардың біріндей киінген емес... Дала гүлін Құдай осылай киіндірсе, сендерді де киіндіреді емес пе?!” (Матай 6:28—30).

Жаратушымыз бізге ішер ас пен киер киім берсе, онда басқа да қажетімізді бере алмай ма?! Алланың тілек-қалауын орындауға ұмтылсақ, ол біздің бақшамызда тер төгіп еткен еңбегімізді жарылқайды, керегімізді сатып алатын ақшамыз болу үшін жұмыс табуға көмектеседі (Матай 6:32, 33).

Расында да, Жаратушының қолынан шыққан күн, жаңбыр, құстар мен гүлдер туралы ойлағанда, оны сүюге деген ықыласымыз одан сайын артады. Келесі мақалада біз Алланың адамзатқа өз хабарын қалай жеткізгенін көреміз.

^ 7-абзац Бұл журналда Киелі жазбалар деген Тәурат, Зәбүр, Пайғамбарлар жазбалары және Інжіл шарифке нұсқайды.