Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Уақыт өтсе де, құны кетпес кітап

Уақыт өтсе де, құны кетпес кітап

Көпшілік Киелі жазбаларды * қасиетті кітап деп біледі. Алайда ол Құдайға қалай мінажат етуді ғана үйретпейді. Онда күнделікті тыныс-тіршілігімізге керекті пайдалы кеңестер де баршылық.

Мұның растығын Киелі кітапты оқып, ақыл-кеңестерінің пайдасын көрген адамдардың өздері айтып берсін:

“Қазіргі өмірім әлдеқайда орныққан. Ішкі дүнием мен эмоциялық күйім оңалып келеді. Өзімді бұрынғыдан бақыттырақ сезінемін” (Фиона).

“Киелі кітапты оқығанның арқасында өмірдің нағыз мән-мақсатын түсіндім” (Елена).

“Бұрынғы өмірім мен қазіргісін салыстырсам, жер мен көктей. Мен жұмысымды азайттым. Қазір отбасыма көбірек уақыт бөлемін” (Эндрю).

Бұл — Киелі кітаптың пайдасын көргендердің бірлі-жарым мысалы ғана. Ондағы нұсқаулардың игілігін көріп жүргендер бүкіл жержүзі бойынша көптеп табылады.

Осы журналдан сіз өмірдің мына салаларында Киелі кітаптың кәдеге жарар кеңестерін біле аласыз:

  • Тән саулығы

  • Жан саулығы

  • Отбасымыз бен достарымыз

  • Қаражатты жұмсай білу

  • Құдайға жақындау

Құдайдан келген бұл қасиетті кітаптың пайдасын күнделікті өміріңізде айқын көре аласыз.

^ 2-абзац Тәурат, Зәбүр, Інжіл кітаптары кіретін қасиетті жазбалар яки Библия.