Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП

Жаманнан жиреніп, жақсыға үйренейік

Жаманнан жиреніп, жақсыға үйренейік
  • ӘНУАРДЫҢ оятқыш сағаты шырылдады. Ол ұйқылы-ояу күйде болса да, төсегінен бірден тұрды. Кеше дайындап қойған спорт киімін киді де, әдеті бойынша далаға жүгіруге шықты. Оның осылай аптасына үш рет жүгіріп жүргеніне бір жылдай уақыт болды.

  • Лаура жаңа ғана күйеуімен сөзге келіп қалды. Ашуға булыққан ол ас үйге атып кірді де, ыдыстағы кәмпиттерді бірінен соң бірін жей бастады. Бұл оның көңілі түскен кездегі әдеті еді.

Әнуар мен Лаураның жағдайы несімен ұқсас? Бұл екеуі де әдет деген бір зор күштің жетегіне ерген.

Ал сіз жайында не деуге болады? Бәлкім, қандай да бір жақсы нәрселерге әдеттенуді ойлап жүрген шығарсыз. Мысалы, жаттығу жасап тұруды, жеткілікті уақыт тынығуды я жақын адамдарыңызбен жиі араласуды мақсат еткен боларсыз.

Екінші жағынан кейбір жаман әдеттеріңізден, мысалы темекі шегу, зиянды тамақты көп жеу я интернетті сағаттап шарлау сияқты әдеттерден, арылғыңыз келер.

Жаман әдеттен арылу оңай емес екенін мойындауымыз керек. Ол суық күні күмп етіп кіріп кетуге болатын жылы төсек сияқты. Оған әуестену оп-оңай, ал одан арылу — қиынның қиыны!

Ендеше әдеттеріміз бізге зиян емес, пайда әкелу үшін не істесек болады? Киелі кітаптағы қағидаларға негізделген үш кеңеске назар салайық.