Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙДАН АЛЫСТАТАТЫН ЖАЛҒАН ҰҒЫМДАР

Неліктен көп адамға Құдайды сүю қиын?

Неліктен көп адамға Құдайды сүю қиын?

“Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!” Мұса пайғамбар *.

Кейбір адамдар үшін Құдайды сүю қиын. Себебі олар Құдайды танып-білу мүмкін емес, ол бізге немқұрайды қарайды немесе тіпті оны қатыгез деп ойлайды. Осыған қатысты адамдардың айтқан келесі пікірлерін қарастырып көрейік.

  • “Мен Құдайдан көмек сұрап жалбарынатынмын, бірақ сөйте тұра Құдай тым асқақ, оған қол жеткізу мүмкін емес деп ойлайтынмын. Мен Құдайды сезімдері бар тұлға деп қарастырмайтынмын”. Марко, Италия.

  • “Құдайға шын жүректен құлшылық еткім келетін, алайда ол мен үшін өте алыс болып көрінетін. Оны жазалауды ғана білетін қатыгез Құдай деп ойлайтынмын әрі оның жақсы қасиеттері бар дегенге сене алмайтынмын”. Роуса, Гватемала.

  • “Бала кезімде Құдай біздің бойымыздан қателіктерді іздейді әрі мүлт кетсек, жазалауға дайын тұрады деп ойлайтынмын. Ал уақыт өте Құдай бізге немқұрайды қарайды деген тұжырымға келдім. Құдай мен үшін өзінің билігіндегі адамдардың істерін басқаратын, бірақ шын мәнінде олардың қамын ойламайтын басшы сияқты болатын”. Реймонда, Канада.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Құдайды сүю мүмкін бе? Бұл сұрақ ғасырлар бойы діндар адамдарды да мазалап келген. Тіпті орта ғасырларда мәсіхшілер әлемінің басым көпшілігі Құдіретті Құдайға дұға етуден қалған. Неліктен? Себебі адамдар Құдайдан жанұшыра қорқатын. Осыған қатысты тарихшы Уилл Дюрант былай деген: “Қалайша күнәкар пенде сондай қорқынышты әрі тым алыс тұлғаға дұға етуге дәті барар еді?”

Неліктен адамдар Құдайды “қорқынышты әрі тым алыс тұлға” деп қарастырған? Киелі кітап Құдай туралы шын мәнінде неге үйретеді? Құдай жайлы шындықты білгеніміз оны жақсы көруге талпындыра ма?