Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Қалайша балаларды Құдайды жақсы көруге үйретуге болады?

Балаңызға Құдайды танып-білуге әрі оны жақсы көруге үйрету үшін, оның жаратылыстарына назар аударыңыз

Балаларыңыз Құдайдың бар екенін және ол өздерін жақсы көретінін нақты білгенде ғана, оны жақсы көруді үйрене алады. Құдайды жақсы көру үшін, балаларыңыз оны танып-білулері қажет (Жоханның 1-хаты 4:8). Мысалы, олар келесі жайттарды білгендері жөн: Құдай адамдарды не үшін жаратты? Неліктен Құдай қайғы-қасіретке жол береді? Құдай болашақта адамзат үшін не істемек? (Філіпіліктерге 1:9 оқыңыз)

Балаларыңызды Құдайды жақсы көруге үйрету үшін, өзіңіз оны жақсы көретініңізді көрсетуіңіз керек. Балалар осыны көргенде ғана, сізге еліктеуі мүмкін (Заңды қайталау 6:5—7; Нақыл сөздер 22:6 оқыңыз).

Қалайша балаларыңыздың жүрегіне әсер ете аласыз?

Құдай Сөзінің әсері күшті (Еврейлерге 4:12). Сондықтан балаларыңызға Киелі кітаптың негізгі ілімдерін үйретіңіз. Адамдардың жүрегіне әсер ету үшін, Иса пайғамбар сұрақтар қойған, тыңдаған және Жазбаларды түсіндірген. Балаларыңыздың жүрегіне әсер ету үшін, Исаның тәлім беру әдісіне еліктеңіз (Лұқа 24:15—19, 27, 32 оқыңыз).

Сонымен қатар Құдайдың адамдармен қандай қарым-қатынаста болғаны туралы Киелі кітапта жазылған оқиғалар балаларыңызға Құдайды танып-білуге әрі оны жақсы көруге көмектесе алады. Осындай мақсатпен шығарылған әдебиеттерді www.mr1310.com сайтынан таба аласыз (Тімөтеге 2-хат 3:16 оқыңыз).