Зәбүр 46:1—11

  • “Құдай — біздің панамыз”

    • Құдайдың таңғаларлық істері (8)

    • Құдай жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады (9)

Ән-күй жетекшісіне. Қорах ұлдарының жыры+. Аламот* мәнерінде айтуға арналған. Ән. 46  Құдай — біздің панамыз әрі күшіміз+,Қиын кезде жанымыздан табылар көмекшіміз+.   Сондықтан да жер дүмпісе де,Таулар теңіз тұңғиығына құласа да, біз еш қорықпаймыз+.   Теңіз суы буырқанып, көбік шашса да+,Таудың жартастары шайқалса да, еш шошымаймыз. (Села)   Өзен салалары Құдайдың қаласын+,Алла Тағаланың киелі де ұлы шатырын қуантады.   Құдайдың өзі осы қалада+, сондықтан ол еш құламайды. Таң сәріден Құдай оған көмекке келіп, қолдайды+.   Ұлттар мазасыздана толқыды, патшалықтар күйреді,Құдай дауыстап еді, жер балқып кетті+.   Әскербасы Ехоба бізбен бірге+,Жақыптың Құдайы — қауіпсіз панамыз. (Села)   Келіп, Ехобаның істеріне,Жер бетінде қандай таңғаларлық істер жасағанына куә болыңдар.   Ол күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады+,Садақты сындырып, найзаны да быт-шыт қылады,Соғыс арбаларын* отқа жағып құртады. 10  Ол былай дейді: “Бағыныңдар, менің Құдай екенімді біліңдер! Мен халықтар арасында асқақтаймын+,Жер бетінде шарықтаймын+!” 11  Әскербасы Ехоба бізбен бірге+,Жақыптың Құдайы — қауіпсіз панамыз+. (Села)

Сілтемелер

Мүмкін: “қалқандарды”.