Лұқа 3:1—38

  • Жақияның қызметінің басталуы (1, 2)

  • Жақияның шомылдыру рәсімі жайлы уағызы (3—20)

  • Исаның шомылдыру рәсімінен өтуі (21, 22)

  • Иса Мәсіхтің шежіресі (23—38)

3  Император* Тиберийдің билік құруының он бесінші жылында, Понти Пилат Яһудеяның әміршісі, ал Ирод*+ Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп Итурея мен Трахонит аймақтарының, ал Лұсани болса Абелине аймағының әкімі болып тұрғанда,  жоғарғы діни қызметкер Аннас пен Қаяпаның+ күндерінде, шөл далада+ Зәкәрияның ұлы Жақия Құдайдан хабар алды+.  Ол Иордан бойындағы барлық өңірді аралап, жұртқа күнәлары кешірілу үшін өкініп, шомылдыру рәсімінен өту керектігін уағыздап жүрді+.  Бұл жайында Ишая пайғамбардың кітабында былай деп жазылған: “Шөл далада біреу былай деп жар салып жатыр: —Ехобаға жол даярлаңдар! Оның жолдарын тегістеңдер+!  Сай-саланың бәрі толтырылсын, тау-төбенің бәрі аласартылсын, бұралаң жерлер түзетіліп, бұдыр жолдар тегістелсін!  Сонда күллі адамзат Құдайдың құтқаруын көреді+”.  Жақия шомылдыру рәсімінен өтуге келіп жатқан жұртқа былай деді: “Улы жыланның ұрпағы! Сендерді Құдайдың төніп келе жатқан қаһарынан құтыла алады деп кім айтты+?  Өкінетіндеріңді лайықты жемістеріңмен көрсетіңдер. Сендер “біздің бабамыз* — Ыбырайым” деп ойламаңдар. Мен сендерге мынаны айтамын: Құдай мына тастардан да Ыбырайымға ұрпақ жасап бере алады.  Қазірдің өзінде ағаш түбінде балта жатыр. Сондықтан жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады+!” 10  Сонда халық одан: “Біз енді не істеуіміз керек?”— деп сұрап жатты. 11  Жақия: “Кімнің екі көйлегі болса, біреуін көйлегі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін”+,— деп жауап қатты. 12  Салықшылар да шомылдыру рәсімінен өтуге келіп+, одан: “Ұстаз, біз не істеуіміз керек?”— деп сұрады. 13  Ол: “Белгіленген салықтан артық еш нәрсе талап етпеңдер”+,— деп жауап берді. 14  Ал жасақшылар: “Біз не істеуіміз керек?”— деп сұрағанда, Жақия: “Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала да жаппаңдар+. Алатын ақыларыңды қанағат етіңдер”,— деді. 15  Халық Мәсіхтің келуін күтіп жүргендіктен, Жақия туралы: “Мәсіх осы емес пе екен?”+— деп ойлады. 16  Ал Жақия жұртқа былай деді: “Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен өткіземін. Бірақ менен құдіретті біреу келе жатыр, мен оның сандалының бауын шешуге де татымаймын+. Ол сендерді киелі рухқа және отқа шомылдырады+. 17  Ол қолына дән желпитін күрек алып, қырманын тазалайды, бидайды қамбаға құйып, қауызын өшпес отқа өртейді”. 18  Жақия халыққа басқа да насихат айтып, ізгі хабарды жариялап жүрді. 19  Ол аймақ әкімі Иродты бауырының әйелі Иродияны алғаны үшін және басқа да жаман қылықтары үшін әшкереледі. 20  Сондықтан Ирод зұлым істері аз болғандай, Жақияны түрмеге жаптырды+. 21  Жұрттың бәрі шомылдыру рәсімінен өткенде, Иса да сол рәсімнен өтті+. Ол дұға етіп тұрғанда, көк ашылып+, 22  көгершін бейнесіндегі киелі рух үстіне қонды. Сонда көктен: “Сен менің сүйікті Ұлымсың. Мен саған ризамын!”— деген дауыс шықты+. 23  Иса+ қызметін бастағанда, шамамен 30 жаста еді+. Жұрттың ойынша, Иса Жүсіптің ұлы болатын+. Ал Жүсіп Елінің, 24  Елі Мататтың,Матат Леуінің,Леуі Мәлкінің,Мәлкі Жанайдың,Жанай Жүсіптің, 25  Жүсіп Мататияның,Мататия Амостың,Амос Нағұмның,Нағұм Еслінің,Еслі Нағайдың, 26  Нағай Мақаттың,Мақат Мататияның,Мататия Семейдің,Семей Жосектің,Жосек Жоданың, 27  Жода Жохананның,Жоханан Ресаның,Реса Зоробабелдің+,Зоробабел Салателдің+,Салател Нерейдің, 28  Нерей Мәлкінің,Мәлкі Әдидің,Әди Қосамның,Қосам Елмадамның,Елмадам Ердің, 29  Ер Исаның,Иса Елиезердің,Елиезер Жорымның,Жорым Мататтың,Матат Леуінің, 30  Леуі Шимеонның,Шимеон Яһуданың,Яһуда Жүсіптің,Жүсіп Жонамның,Жонам Елиәкімнің, 31  Елиәкім Мелияның,Мелия Менаның,Мена Мататаның,Матата Натанның+,Натан Дәуіттің+, 32  Дәуіт Есейдің+,Есей Ғабиттің+,Ғабит Бағоздың+,Бағоз Салмонның+,Салмон Нағасонның+, 33  Нағасон Әминадаптың,Әминадап Арнидің,Арни* Хесронның,Хесрон Парестің+,Парес Яһуданың+, 34  Яһуда Жақыптың+,Жақып Ысқақтың+,Ысқақ Ыбырайымның+,Ыбырайым Тарахтың+,Тарах Нахордың+, 35  Нахор Серухтың+,Серух Регудің+,Регу Пелектің+,Пелек Ебердің+,Ебер Шелахтың+, 36  Шелах Қайнанның,Қайнан Арпақсаттың+,Арпақсат Шамның+,Шам Нұхтың+,Нұх Ләмехтің+, 37  Ләмех Мәтусаланың+,Мәтусала Енохтың,Енох Иәреттің+,Иәрет Малалелдің+,Малалел Қайнанның+, 38  Қайнан Еностың+,Енос Сеттің+,Сет Адамның+,ал Адам Құдайдың ұлы еді.

Сілтемелер

Яғни Ирод Антипас. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “цезарь”.
Сөзбе-сөз “әкеміз”.
Ш1ж 2:9 және Мт 1:3, 4-те Рам деп аталған.