Матай 23:1—39

  • Дін мұғалімдері мен парызшылдарға еліктемеңдер (1—12)

  • Дін мұғалімдері мен парызшылдар қасіретке қалады (13—36)

  • Исаның Иерусалим үшін қайғыруы (37—39)

23  Сосын Иса жиналған жұртқа және шәкірттеріне былай деді:  “Мұсаның орнына дін мұғалімдері мен парызшылдар отырып алды.  Сондықтан олардың айтқандарының бәрін орындаңдар, бірақ істегендерін істемеңдер. Өйткені олар айтады, бірақ істемейді+.  Олар ауыр жүктерді байлап, адамдардың иығына артып қояды+. Ал өздері саусағының ұшын да тигізгілері келмейді+.  Барлық істерін олар жұрт көзіне түсу үшін істейді+. Мысалы, тұмарларын*+ үлкейтіп, киімдерінің шашақтарын ұзартады+,  қонақасыларда төрде жантайып, мәжілісханаларда алдыңғы орындарда отырғанды ұнатады+,  сондай-ақ базар алаңдарында жұрттың өздеріне сәлем бергенін және “Ұстаз”* деп атағанын жақсы көреді.  Бірақ сендер өздеріңді “Ұстаз”+ деп ататпаңдар, себебі Ұстаздарың біреу-ақ, ал сендер өзара бауырлассыңдар.  Сонымен қатар жер бетіндегі ешкімді “Әке”* деп атамаңдар, себебі Әкелерің+ біреу-ақ. Ол — көктегі Әкелерің. 10  Өздеріңді “Көсем” деп те ататпаңдар, өйткені Көсемдерің біреу-ақ. Ол — Мәсіх. 11  Қайта, араларыңдағы ең ұлыларың сендерге қызметші болсын+. 12  Өзін жоғарылатқан әркім төмендетіледі+, ал өзін төмен тұтқан әркім жоғарылатылады+. 13  Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Өйткені жұрт үшін Көк Патшалығының есігін құлыптап қойып, өздерің де кірмейсіңдер, кіргісі келетіндерді де кіргізбейсіңдер+. 14  *—— 15  Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер+, сендер қасіретке қаласыңдар! Бір адамды болса да діндеріңе кіргізу үшін, теңіз бен құрлықты шарлап шығасыңдар. Ал кіргізген соң, оны өздеріңнен екі есе жаман етіп, жаһаннамға* түсуге лайық қыласыңдар. 16  Соқыр жетекшілер+, сендер қасіретке қаласыңдар! Өйткені “егер біреу ғибадатханамен ант етсе, оны орындауға міндетті емес, ал ғибадатхана алтынымен ант етсе, оны орындауға міндетті”+ дейсіңдер. 17  Түйсіксіз соқырлар! Қайсысы маңызды: алтын ба, әлде сол алтынды қасиетті ететін ғибадатхана ма? 18  Сондай-ақ сендер “кім құрбандық ошағымен ант етсе, оны орындауға міндетті емес, ал оның үстіндегі сый-тартумен ант етсе, оны орындауға міндетті” дейсіңдер. 19  Көр соқырлар! Қайсысы маңызды: сый-тарту ма, әлде оны қасиетті ететін құрбандық ошағы ма? 20  Сондықтан құрбандық ошағымен ант еткен адам онымен және оның үстіндегілердің бәрімен ант етеді, 21  ғибадатханамен ант еткен адам онымен және онда мекендейтін+ Құдаймен ант етеді, 22  ал көкпен ант еткен адам Құдайдың тағымен және онда отырған Тұлғамен ант етеді. 23  Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Себебі жалбыз, аскөк, зире сияқты дәмдеуіштердің оннан бір бөлігін+ бересіңдер, ал Мұса Заңындағы әділдік+, мейірімділік+ және адалдық сияқты анағұрлым маңызды нәрселерді елемейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де елеусіз қалдырмауларың керек еді+. 24  Масаны сүзіп тастап+, түйені түгімен жұтатын+ соқыр жетекшілер+! 25  Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Себебі ыдыс-аяқтың сыртын тазалайсыңдар+, бірақ олардың іші ашкөздік*+ пен нәпсіқорлыққа толы+. 26  Соқыр парызшыл, ыдыс-аяқтың сырты таза болу үшін, алдымен ішін тазарт. 27  Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер+, сендер қасіретке қаласыңдар+! Өйткені сыртынан әдемі көрінетін, бірақ іші өліктердің сүйегі мен түрлі арам нәрселерге толы әктелген молаларға ұқсайсыңдар: 28  сырттарыңнан әділ болып көрінесіңдер, бірақ іштерің екіжүзділік пен заңсыздыққа толы+. 29  Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер+, сендер қасіретке қаласыңдар! Пайғамбарларға қабір жасап, әділдердің молаларын әдемілеп+, 30  “ата-бабаларымыздың заманында өмір сүрсек, оларға қосылып пайғамбарлардың қанын төкпес едік” дейсіңдер. 31  Осылайша пайғамбарларды өлтіргендердің+ үрім-бұтағы екендеріңді мойындап, өздеріңе қарсы куәлік етесіңдер. 32  Олай болса, ата-бабаларыңның зұлым істерінің мөлшерін толтыра беріңдер! 33  Жыландар, улы жыланның ұрпағы+! Сендер сотталып, жаһаннамға түсуден қалай құтылмақсыңдар+? 34  Сол себепті мен сендерге пайғамбарларды+, дана адамдар мен тәлімгерлерді+ жіберіп жатырмын. Бірақ сендер олардың кейбірін өлтіріп+, бағанаға ілесіңдер, кейбірін мәжілісханаларыңда сабап+, қаладан қалаға қудалайсыңдар+. 35  Сол үшін жер бетінде төгілген күллі әділдердің қаны — әділ болған Әбілден+ бастап, өздерің ғибадатхана мен құрбандық ошағының арасында өлтірген Барақия ұлы Зәкәрияға дейінгілердің қаны — сендердің мойындарыңда болады+. 36  Сендерге шындығын айтамын, мұның барлығы осы ұрпақтың мойнына жүктеледі! 37  Иерусалим, пайғамбарлардың көзін құртып, өзіне жіберілгендерді тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай+! Балапандарын қанатының астына жинайтын тауық сияқты, мен де сенің балаларыңды қанша рет жинамақшы болдым! Бірақ сендер мұны қаламадыңдар+. 38  Міне, Құдай үйлеріңді* тастап кетеді*+. 39  Сендерге мынаны айтамын: “Ехобаның атынан келе жатқан ол жарылқанған!”+ демегендеріңше, мені көрмейсіңдер”.

Сілтемелер

Бұл Киелі жазбалардан көшірілген үзінділер салынатын қорапшалар болған. Яһуди ер кісілер оны өздерін қорғап жүреді деген оймен маңдайлары мен сол қолдарына байлап жүретін.
Сөзбе-сөз “Равви”.
Бұл жерде Иса “әке” деген сөзді діни лауазым ретінде қолданбау керектігін айтқан.
Бұл үзінді грек тіліндегі көне қолжазбалардың кейбірінде кездеспейді. А3 қосымшасын қараңыз.
Немесе “тонаушылық”.
Яғни ғибадатханаларың.
Мүмкін: “үйлерің қаңырап бос қалдырылады”.