Нақыл сөздер 5:1—23

  • Бұзылған әйелден сақтан (1—14)

  • Өз қосағыңнан қуаныш тап (15—23)

5  Балам, айтқан даналығыма ден қой,Парықтылыққа үйрететін сөзіме құлақ түр+.   Сонда санаңды сақтайсың,Ұдайы тура білімге сай сөйлейсің+.   Бұзылған әйелдің сөзі балдай тәтті+,Айтқаны майдан да жұмсақ+.   Бірақ кесірі ащы жусандай+,Өткір екіжүзді семсердей+.   Аяғы оның өлімге апарар,Қадамдары тіке көрге* түсірер.   Ол өмір жолын қаперіне де ілмейді,Құр сандалып, жетер жерін білмейді.   Сонымен, балаларым, мені тыңдаңдар,Айтқанымды елеусіз қалдырмаңдар.   Ондай әйелден бойыңды аулақ ұста,Үйінің босағасына да жолама+.   Әйтпесе абыройыңнан айырыласың+,Қалған өміріңді зардап шегумен өткізесің+. 10  Бөтендер байлығыңды* иемденеді+,Тер төгіп тапқаның жатжерліктің үйіне кетеді. 11  Етің қашып, бойыңнан күшің кетіп+,Өміріңнің соңында ыңырситын боласың. 12  Сонда былай дерсің: “Неге ғана жөнге салуды жек көрдім! Неге ғана түзетуді менсінбеді жүрегім! 13  Тәлімгерлерімнің айтқанын тыңдамадым,Ұстаздарыма да құлақ аспадым, 14  Міне, сондықтан күллі қауымның алдында+,Біржола күйрей жаздадым”. 15  Өз құдығыңның суынан іш,Өз қайнарыңнан шөліңді қандыр+. 16  Бұлағыңды далаға ағызып, Ағын суыңды алаңдарға жайып қайтесің+? 17  Ол тек қана сенікі болсын,Бөтендермен бөліспе+. 18  Өз бұлағың жарылқансын,Жастай қосылған қосағыңнан қуаныш тап+. 19  Ол маралдай сұлу, тауешкідей сымбатты+,Оның төсінен ләззат тап әрдайым,Мас бола бер махаббатына лайым+. 20  Балам, бұзылған әйелге құмартудың,Азғын әйелдің кеудесін құшудың қажеті не+? 21  Адамның бар жолы Ехобаның көз алдында,Күллі ісін ол тексереді+. 22  Зұлым өз қылмысының тұзағына түсер,Өз күнәсінің құрығына ілігер+. 23  Тәрбиесіздігі оны өлімге душар етер,Тым ақымақтығы тура жолдан адастырар.

Сілтемелер

Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “күшіңді”.