Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ИНДОНЕЗИЯ

Апат кезінде көрсетілген сүйіспеншілік

Апат кезінде көрсетілген сүйіспеншілік

ЖЕРСІЛКІНІСІ, цунами және жанартаулар Индонезия тұрғындарының өміріне жиі қауіп-қатер төндіреді. Осындай табиғи апаттар орын алғанда, Ехобаның халқы зардап шеккендерге, әсіресе бауырластарға бірден көмек көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы Солтүстік Суматрадағы Ниас аралындағы Гунунгситоли деген қалада қатты жерсілкінісі болды. Сонда көршілес жатқан Суматра аралындағы қауымдар мен филиал жапа шеккен аймаққа бірден қажетті көмек жіберді. Сондай-ақ аралдағы бауырластардың көңілдерін орнықтырып, жігерлендіру үшін жергілікті аудандық бақылаушы мен филиал өкілі ұшақпен ұшып келді. Сол кездегі жағдай туралы Юнимен Харифа есімді ақсақал былай деп айтып берді: “Айналамыздағы адамдардың бәрін қорқыныш биледі. Алайда Құдай ұйымы бізге тез арада қол ұшын бергеннің арқасында біз жалғыз емес екенімізді сезіндік”.