Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

10-ӘН

Құдайымыз Ехобаны мадақтайық!

Құдайымыз Ехобаны мадақтайық!

(Зәбүр 145:12)

  1. 1. Мадақта! Құдайды даңқта!

    Баршаға паш ет есімін!

    Жарияла, сот күні жақын,

    Бәріне айт қағып есігін.

    Ехоба Ұлын Патша қылатын

    Уақыты келді деп шешті.

    Халқы жар салып осы хабарды,

    “Мол бата әкелсін” десті.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мадақта! Құдайды даңқта!

    Ұлылығын айтып баршаға!

  2. 2. Құдайдың есімін даңқта!

    Қуана ән сал дауыстап!

    Тамаша салтанат даңқын

    Паш етеміз батыл уағыздап.

    Ехоба асқақ, істері ұлы,

    Кішіпейіл ол сөйтсе де.

    Бізге не керек екенін біліп,

    Ден қояр дұға үніне.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мадақта! Құдайды даңқта!

    Ұлылығын айтып баршаға!