Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

103-ӘН

Бағушылар — Құдайдың сыйы

Бағушылар — Құдайдың сыйы

(Ефестіктерге 4:8)

  1. 1. Берді Ехоба отарына

    Ізгі бағушылар.

    Сенім жолында үлгі болған,

    Бағыт сілтеп олар.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Адал, қамқор жандарды Құдай

    Сый деп берді халқына.

    Жан-тәнімен отарды баққан

    Шын ризамыз оларға.

  2. 2. Жанымыздың күйін ұғады

    Қамқор бағушылар.

    Зілдей ауыр жүктен арылтып,

    Жарамызды таңар.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Адал, қамқор жандарды Құдай

    Сый деп берді халқына.

    Жан-тәнімен отарды баққан

    Шын ризамыз оларға.

  3. 3. Сөзін Құдайдың негіз еткен

    Кеңестері құнды.

    Әрбірінің Құдай халқына

    Зор еңбегі сіңді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Адал, қамқор жандарды Құдай

    Сый деп берді халқына.

    Жан-тәнімен отарды баққан

    Шын ризамыз оларға.