Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

111-ӘН

Қуануға себеп көп

Қуануға себеп көп

(Матай 5:12)

  1. 1. Көп қой келелі себептері

    Жүрек кернеген шаттықтың.

    Келіп қосылды арамызға

    Асылдары әр халықтың.

    Құдай Сөзінен нәр алатын

    Шаттық еш таусылмас бізде.

    Оқып білгенде шындықтарын,

    Қаламыз бекіп сенімде.

    Қуаныш оты жүректегі

    Лаулап жанады сөнбестен.

    Ехоба берген төзімділік

    Бізді қайрап берік еткен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба Құдай бір өзі —

    Шаттық қайнары, түп көзі.

    Ойлары терең, істері ерен,

    Жоқ қой күшінің теңдесі!

  2. 2. Сыйлап зор шаттық, қуантады

    Төл туындысы Құдайдың.

    Әсем, кіршіксіз табиғаты

    Алар көз жауын талайдың.

    Күллі халыққа Патшалықты

    Паш етеміз мақтанышпен.

    Оның көл-көсір баталарын

    Айтамыз зор қуанышпен.

    Түнекті қуған күн нұрындай

    Қалды таяп кез шуақты.

    Орнайды жаңа жер, жаңа аспан,

    Күндер таусылмас бақытты.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба Құдай бір өзі —

    Шаттық қайнары, түп көзі.

    Ойлары терең, істері ерен,

    Жоқ қой күшінің теңдесі!