Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

125-ӘН

“Мейірімділер бақытты!”

“Мейірімділер бақытты!”

(Матай 5:7)

  1. 1. Қандай мейірімді Әкеміз,

    Күнде мұны біз сеземіз!

    Парыз емес қой, сонда да,

    Кенелтеді ол батаға.

    Жаның күйзелсе, демейді,

    Ауыр халге жол бермейді.

    Әлсіз пендеміз, сондықтан

    Қатал болмайды Жаратқан.

  2. 2. Күнә жасап, өкінерміз,

    Рақым тілеп, өтінерміз.

    Құдай кешкенін қаласақ,

    Иса сөзі бізге сабақ:

    “Кешіп жүрміз ғой өзгені,

    Кешші, Әке, сен де бізді”.

    Дұға етіп біз осылай,

    Әр кез татулық сақтағай.

  3. 3. Болса ашық алақаның,

    Күтпей басқаның мақтауын,

    Бақыт сыйлайсың өзгеге,

    Сезініп мұны өзің де.

    Болсын жақсылық құпия,

    Қалмас ешбірі тасада.

    Нұрын Ехоба төгеді,

    Тасып әкелік мейірі.

(Мат. 6:2—4, 12—14 қараңыз.)