Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

128-ӘН

Соңына дейін табанды тұрайық

Соңына дейін табанды тұрайық

(Матай 24:13)

  1. 1. Ехобаның уәделері

    Төзім берер бітпес.

    Оқып-тоқып білгендерің

    Желге ұшқан сөз емес.

    Ұлғайта бер сеніміңді,

    Құдайдың күні келер.

    Сынақ кезі қайрап сені,

    Хақ жолда мінсіз етер.

  2. 2. Алғаш жанған жүрек отын

    Сөндіріп алмайық.

    Қиындық дауылдай төнсе,

    Ақ жолдан айнымайық.

    Көлденең кеп қалса сынақ,

    Қалмайық қорқып, жасып.

    Шығар жолды көрсетуге

    Ехоба әр кез асық.

  3. 3. Мызғымай табанды тұрған

    Жанын сақтап қалмақ.

    Өмір кітабына атын

    Ехоба жазып алмақ.

    Табандылық серік болсын

    Өмірдің соқпағында.

    Күндер таусылмас бақытты

    Күтіп тұр ғой алдыңда.