Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-ӘН

Мәсіхті үлгі тұтайық

Мәсіхті үлгі тұтайық

(Петірдің 1-хаты 2:21)

  1. 1. Сүйгенін бәріне Ехоба дәлелдеп,

    Аяулы Ұлын қиып, құрбан етті.

    Иса жерге келіп, адамдармен жүріп,

    Құдай есімін талмай паш етті.

  2. 2. Құдайдың сөзінен нәр алып өзіне,

    Кенелді Мәсіх білім, даналыққа.

    Маңдай терін төкті, құлдай қызмет етті,

    Әке жүрегін бөлеп шаттыққа.

  3. 3. Исаның ізімен жүріп өтсем деген

    Қалауың болса, Құдай жарылқайды.

    Даңқ әкеліп оған, таймай тура жолдан,

    Адал болайық, Құдай қолдайды.