Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

141-ӘН

Өмір — Құдайдан келген сый

Өмір — Құдайдан келген сый

(Зәбүр 36:9)

  1. 1. Не деген ғажап шуағы күннің,

    Ақ жауын, әр түйірі алтын дәннің!

    Құдайдың сыйы айнала толған,

    Бірі шаттық сыйласа, бірі нәр болған.

    ҚАЙЫРМАСЫ (1):

    Өмір неткен ғажап, бағалы сыйлық!

    Құдайды сүйіп әрқашан, оны даңқтайық.

    Маңдай терін төгіп лайық бола алмаймыз,

    Бұл сый сый боп қалар, таңғажайып өмір!

  2. 2. Бәз біреу қажып, үмітін үзер,

    “Өлгенім артық бұдан” деп ой түзер.

    Алшақпыз бірақ бұл ойдан жаңсақ,

    Тәубе деп, келер күнді жүреміз аңсап.

    ҚАЙЫРМАСЫ (2):

    Өмір неткен ғажап, бағалы сыйлық!

    Өзгені сүйіп әрқашан, дос деп қарайық.

    Маңдай терін төгіп лайық бола алмаймыз,

    Бұл сый сый боп қалар, таңғажайып өмір!