Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

149-ӘН

Жеңіс әні

Жеңіс әні

(Мұсаның 2-жазбасы 15:1)

  1. 1. Ұлы есімін атап Құдайға ән шырқайық,

    Мысыр әскерін ол батырды көк теңізге.

    Тең келе алмайды ешкім де айбарлы Құдайға,

    Ехоба — есімі, жетті ол зор жеңіске.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Еш өзгермес Ехоба Құдай,

    Өзі ғана ұлының ұлысы.

    Бар жауларын тізе бүктіреді,

    Атын даңқтайды бұл ісі.

  2. 2. Бар қас жауларын Ехоба соттап ұялтады,

    Мысыр патшасынан болса да олар мықты.

    Асқақ есімін барша жұрт білер бұл шайқаста,

    Тартады жауапқа ол бар зұлым халықты.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Еш өзгермес Ехоба Құдай,

    Өзі ғана ұлының ұлысы.

    Бар жауларын тізе бүктіреді,

    Атын даңқтайды бұл ісі.