Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

71-ӘН

Біз Ехобаның әскеріміз!

Біз Ехобаның әскеріміз!

(Ефестіктерге 6:11—14)

  1. 1. Әскербасы — Ехоба,

    Біз — сарбаздары.

    Шайтан соққы берсе де,

    Еш жаулай алмайды.

    Нық басып тура жолда,

    Келеміз батыл.

    Ең жақсы хабарды

    Жүреміз айтып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әскеріміз Құдайдың,

    Исаға ерген.

    “Патшалық келді!” деп

    Жар салып жүрген.

  2. 2. Адал қызмет етеміз

    Біз Ехобаға.

    Іздейміз жаны мұңды

    Қойларын жоғалған.

    Ұмытпай қайта барып,

    Береміз тәлім.

    Талмай шақырамыз

    Жиынға бәрін.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әскеріміз Құдайдың,

    Исаға ерген.

    “Патшалық келді!” деп

    Жар салып жүрген.

  3. 3. Ер жүрек әскеріміз

    Біз Ехобаның.

    Түгел киіп аламыз

    Сауыт-саймандарын.

    Майданда берік тұрып,

    Шегінбей кейін,

    Қорғаймыз шындықты

    Соңына дейін.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әскеріміз Құдайдың,

    Исаға ерген.

    “Патшалық келді!” деп

    Жар салып жүрген.

(Філіп. 1:7; Флм. 2 қараңыз.)