Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

76-ӘН

Мадақтау құрбандығын ұсынамыз

Мадақтау құрбандығын ұсынамыз

(Еврейлерге 13:15)

  1. 1. Зор қуаныш неткен

    Жан сала қызмет еткен!

    Ақжүрек жандар көп қой

    Жақсы хабар күткен.

    Күш салсақ аянбай,

    Оңғарар істі Құдай.

    Ақжүрек адамды ол

    Қалмайды байқамай.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жалындаған жүрегіміз,

    Үміт берген сөздеріміз —

    Мадақтайтын Ехобаны

    Құрбандық бағалы.

  2. 2. Зор қуаныш неткен

    Ақиқат дәнін сепкен!

    Шын бақыт аңсағанға

    Үміт нұрын төккен.

    Кейбір жан ден қоймас,

    Сынақта берік тұрмас.

    Мойымай уағыздаймыз

    Шаттықпен сарқылмас.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жалындаған жүрегіміз,

    Үміт берген сөздеріміз —

    Мадақтайтын Ехобаны

    Құрбандық бағалы.

  3. 3. Зор қуаныш неткен

    Құдаймен қызмет еткен!

    Мол сенім артып бізге,

    Қолдайды ол көктен.

    Батыл уағыздаймыз,

    Әдептен еш озбаймыз.

    Ізгі жан табылғанша

    Іздеуден талмаймыз.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жалындаған жүрегіміз,

    Үміт берген сөздеріміз —

    Мадақтайтын Ехобаны

    Құрбандық бағалы.