Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

81-ӘН

Ізашардың өмір жолы

Ізашардың өмір жолы

(Уағыздаушы 11:6)

  1. 1. Таң атса арайлап, күн шықса ұядан,

    Уағызға барамыз күш сұрап Құдайдан әрдайым.

    Күлімдеп бәріне, тоқтамай кетсе де,

    Құдайдың хабарын уағыздай береміз күн сайын.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Өмір жолы — осы, өзіміз таңдаған,

    Құдайға адал боп жүреміз.

    Ыстықта, суықта уағыздаймыз талмай,

    Өйткені Құдайды сүйеміз, сүйеміз.

  2. 2. Күн батып ұяға, қас қарайған шақта,

    Бітсе де күшіміз, жүректі қуаныш кернейді.

    Арнаймыз Құдайға бар жақсыны ғана,

    Төгіп ол батасын, шаттыққа күн сайын бөлейді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Өмір жолы — осы, өзіміз таңдаған,

    Құдайға адал боп жүреміз.

    Ыстықта, суықта уағыздаймыз талмай,

    Өйткені Құдайды сүйеміз, сүйеміз.