Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

96-ӘН

Құдайдың берген қазынасы

Құдайдың берген қазынасы

(Нақыл сөздер 2:1)

  1. 1. Қолымызда бір құнды Жазбалар бар,

    Солмас үміт, мол бақыт сыйлайтын,

    Зор күшімен қозғап ақ жүректерді,

    Көзді ашып, өмірге бастайтын.

    Құдайымыз бұл асыл Жазбаларды

    Тарту етті сүйіп бар халықты.

    Өзін жақтап, жақсы көрген жандарға

    Оны жазсын деп рухын дарытты.

  2. 2. Олар әлемнің қалай жаралғанын

    Тізіп маржандай, ретімен жазды.

    Алғашқы жұп мінсіз боп жаратылып,

    Мекен етті гүл жамылған бақты.

    Уақыт өте бір періште көктегі

    Күмән сеуіп, Құдайды даттады.

    Бұл тек күнә, зор қасірет әкеліп,

    Момын жандар аңсауда ақ таңды.

  3. 3. Кәне, қуанып, басты көтерейік,

    Құдай таққа Ұлын отырғызды!

    Баталарын айтып үміт беретін,

    Жар салайық бұл хабарды ізгі!

    Жанға шипа боп, көңілге нәр берер

    Жазбадағы ізгі хабар құнды.

    Бұл қазына баурап көңілімізді,

    Жан сарайы тыныштыққа тұнды.