Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

BalanceFormcreative/iStock via Getty Images Plus

Жалғыздықтың емі — басқаларға көмектесу. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Жалғыздықтың емі — басқаларға көмектесу. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

 Дүниенің қай бұрышында тұрмасын, жалғызсырап жүрген, достары жоқ адамдар көп. Денсаулық саласының кей мамандарының айтуынша, басқа адамдарға көмектесу жалғыздықтың азабын жеңілдетеді екен.

  •   “Мұқтаж жандарға қол ұшын беру өмірімізді мән-мағынаға толтырып, жалғыздықтың бұғауын үзуге көмектеседі” (АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институттары).

 Киелі кітапта басқаларға қалай көмектесе алатынымызға қатысты тиімді кеңестер баршылық. Соларға сай әрекет етсек, жалғыздық сезімімен күресе аламыз.

Не істесеңіз болады?

 Жомарт болыңыз. Адамдармен жүзбе-жүз араласып, оларға уақыт бөліңіз. Қолда барыңызбен бөлісуге дайын болыңыз. Сонда адам сізге риза болып, онымен дос болып кетуіңіз әбден мүмкін.

  •   Киелі кітаптың кеңесі: “Беріңдер, сонда жұрт сендерге де береді” (Лұқа 6:38).

 Көмегіңізді аямаңыз. Басынан қиын күндерді өткеріп жатқан адамдарға көмектесуге ықыласты болыңыз. Бұл үшін оларға жаныңыз ашып, уайым-мұңдарын мұқият тыңдаңыз және жүктерін жеңілдету үшін іс жүзінде көмек беріңіз.

  •   Киелі кітаптың кеңесі: “Шынайы дос... қиыншылықта бауырыңдай көмектесер” (Нақыл сөздер 17:17, “Жаңа өмір” баспасы).

 Айналадағы адамдармен достық қарым-қатынас орнату үшін тағы не істей алатыныңызды “Отбасымыз бен достарымыз” деген мақаладан оқи аласыз.