Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Әлемдегі аптап ыстық барлық рекордты басып озды. Киелі кітапта не делінген?

Әлемдегі аптап ыстық барлық рекордты басып озды. Киелі кітапта не делінген?

 2022 жылдың шіліңгір шілдесінде дүниежүзі бойынша рекордты деңгейдегі аптап ыстықтар тіркелді:

  •   “Қытай билік өкілдері осы айда екінші рет елдегі 70 шақты қалада ми қайнатар ыстық болатынын ескертті” (25 шілде, 2022, CNN Wire Service).

  •   “Бүкіл Еуропа бойынша бұрын-соңды болмаған аптап ыстықтың кесірінен көп елде ормандарды өрт шарпыды” (17 шілде, 2022, “The Guardian”).

  •   “Жексенбі күні АҚШ-тың бірталай қалаларында аптап ыстық ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Ол Американың шығыс жағалауын, оңтүстігі мен орталық-батысын күйдіріп барады” (24 шілде, 2022, “The New York Times”).

 Бұлай кете берсе, Жер шарымыз тіршілікке жарамсыз болып қалмай ма? Бұл жайлы Киелі кітапта не айтылған?

Аптап ыстықтың болатыны Киелі кітапта алдын ала айтылған ба?

 Иә. Киелі кітапта біздің заманымыздың қандай болатыны алдын ала айтылып кеткен. Мысалы, Иса пайғамбар соңғы күндері адамдар “қорқынышты нәрселер” көретінін айтқан (Лұқа 21:11). Расында да, дүниежүзі бойынша ауа температурасының шектен тыс көтеріліп жатқанына қарап адамдар қорқып отыр. Олар қоршаған ортаны құртуды қоймасақ, жер өмір сүруге қауіпті болып кетеді деп уайымдайды.

Жер тіршілікке жарамсыз болып қала ма?

 Жоқ. Құдай жерді адамзат мәңгі мекендесін деп жаратқан (Зәбүр 115:16; Уағыздаушы 1:4). Ол адамдардың жерді жойып жіберуіне ешқашан жол бермейді, керісінше, жерді бүлдіргендерді құртып жіберемін деп уәде етеді (Аян 11:18).

 Құдай тағы қандай уәделер бергеніне назар аударайық:

  •   “Шөл мен құла түз шаттыққа кенеледі, Шөл дала қуанып, бәйшешектей жайнайды” (Ишая 35:1). Демек, Құдай жердің адам мекендей алмастай болып кетуіне жол бермейді, қайта, бүлінген табиғатын қалпына келтіреді.

  •   “Сен жердің қамын жасайсың, Оның өнімін мол қыласың, байытасың” (Зәбүр 65:9). Құдай жерге батасын жаудырып, оны жұмаққа айналдырады.

 Климаттың күрт өзгеруі Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен. Бұл жайлы көбірек білу үшін “Климаттың өзгеруі және болашағымыз. Киелі кітапта не делінген?” деген мақаланы қараңыз.

 Құдай табиғатымызды қайта қалпына келтіретіні жайлы көбірек білу үшін “Жерді кім құтқарады?” деген мақаланы қараңыз.