Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері американдық секта ма?

Ехоба куәгерлері американдық секта ма?

Біздің дүниежүзілік бас басқармамыз Америка Құрама Штаттарында. Бірақ біз американдық секта емеспіз. Бұлай деуге мынадай себептер бар:

  • Әдетте секта сөзіне “бір діннен бөлініп шыққан діни топ” деген анықтама беріледі. Ехоба куәгерлері ешқандай діннен бөлініп шыққан жоқ. Керісінше, біз І ғасырда бастама алған мәсіхшілікті қайта орнаттық деп есептейміз.

  • Ехоба куәгерлері өз іс-шараларын 230-дан аса ел мен аумақта атқарады. Қай елде тұрып жатқанымызға қарамай, біз АҚШ не басқа адами үкіметке емес, тек Ехоба Құдай мен Иса Мәсіхке шын берілгенбіз (Жохан 15:19; 17:15, 16).

  • Біздің ілімдеріміздің бәрі Құрама Штаттардағы қандай да бір дінбасының жазбасына емес, Киелі кітапқа негізделген (Салоникалықтарға 1-хат 2:13).

  • Біз адамның емес, Иса Мәсіхтің ізбасарымыз (Матай 23:8—10).