Мазмұнға өту

Сенімін серік еткендер: Киелі кітап кейіпкерлеріне жан бітіру

Осы топтамадағы мақалалар ежелде Құдайға орасан зор сенім танытқан ерлер мен әйелдерге жан бітіріп, оқырман назарына ұсынылады a. Киелі кітаптағы сол кейіпкерлер мен олардың таудай сенімі сізді де Құдайға жақындатып, сеніміңізді сөзсіз өсіреді.

Сондай-ақ “Сенімін серік еткендер” деп аталатын видеотоптамадағы видеолардан Киелі кітаптағы Құдайдың адал қызметшілерінен көп нәрсеге үйрене аласыз.

a Кейіпкерлердің өмірін оқып жатқанда, сіз оқиғаның ішіне сүңгіп, көз алдыңызға елестете алу үшін, мақалаларда Киелі кітапта жоқ қосымша жайттар жазылған. Олар мұқият зерделіп-зерттелгендіктен, Киелі кітап оқиғасына қайшы емес, сондай-ақ тарихи әрі археологиялық тұрғыдан дұрыс.

Жаратылыстан бастап Топан суға дейінгі кезең

Әбіл. Ол “өлгенмен, әлі де сөйлеуде”

Киелі кітапта Әбіл жайлы аз мәлімет жазылғанына қарамастан, оның сенімін қалай үлгі ете аламыз?

Енох пайғамбар. Ол “Құдайға ұнамды болды”

Отбасыңыз бар болса немесе Құдайдың заң-талаптарын ұстану үшін күресіп жүрген болсаңыз, сенімі берік Енох пайғамбардан үлгі ала аласыз.

Нұх. Ол “Құдайдың жолымен жүрді”

Нұх пен оның әйелі балаларын тәрбиелегенде қандай қиындықтарға кезікті? Неліктен оларға кеме соғу үшін сенім қажет болды?

Нұх. “Онымен бірге жеті адам аман қалды”

Адамзатқа төнген қара бұлт Нұх пайғамбар мен оның отбасын қалай айналып өтті?

Топан судан бастап Мысырдан шыққанға дейінгі кезең

Ыбырайым. “Сенімі арқылы әділ деп есептелетіндердің түп атасы”

Ыбырайым сенімі бар екенін қалай дәлелдеді? Оның сенімін қай жағынан үлгі еткің келеді?

Сара. “Сен өте сұлу әйелсің”

Сұлу біткен Сара Мысырда бекзадалардың көзіне түсті. Бұл жағдай немен бітті? Оқып көріңіз

Сара. Құдай оны “Ханшайым” деп атады

Неліктен Сара бұл есімге лайықты болды?

Рабиға: “Иә, барамын”

Рабиға сенімімен қоса алғанда, көптеген керемет қасиеттер танытты.

Жүсіп: “Бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы”

Жүсіптің отбасындағы күрделі қарым-қатынас бүгінде өгей баласы немесе өгей әкесі не анасы бар отбасыларына сабақ бола алады.

Жүсіп: “Қалайша сондай ауыр қылмыс жасамақпын?!”

Жүсіп Потифардың әйелінің қайтпай азғыруға тырысқанына қалайша қарсы тұрды?

Жүсіп: “Түстің мағынасын ашып беретін Құдай емес пе?!”

Жүсіпке бас шарапшының, бас наубайшының және перғауынның түстерін батылдықпен жорып беруге не көмектесті? Қалай түрмеде жатқан Жүсіп патша сарайынан бірақ шықты?

Жүсіп: “Мен Құдай емеспін ғой!”

Отбасыңыз қызғаныш, опасыздық не жеккөрушіліктің кесірінен зардап шеккен бе? Олай болса, Киелі кітаптағы Жүсіптің оқиғасын білгеніңіз сізге пайдалы болады.

Мысырдан шыққаннан бастап Исраилдің тұңғыш патшасына дейінгі кезең

Рахаб. Ол “істері арқылы... әділ деп жарияланды”

Рахабтың мысалы әрқайсысымыздың Ехоба үшін маңызды екеніміз жайлы не айтады? Оның сенімінен өзімізге қандай сабақ аламыз?

Дебора: “Мен, Дебора, Исраилдің анасы”

Киелі кітаптағы Дебора пайғамбардың оқиғасынан қалай сенім мен батылдыққа үйрене аламыз?

Рут: “Сіз қайда барсаңыз, мен де сонда барамын”

Неге Рут туған жері мен отбасын тастап кетуге дайын болды? Ехоба Рутты қандай қасиеттері үшін бағалады?

Рут. “Тамаша әйел”

Рут пен Бағоздың үйленуі не үшін қажет болды? Рут пен Нағиманың мысалынан отбасы жайлы не білеміз?

Ханна. Ол ішіндегісін ақтарып дұға етті

Басына төнген қиын сәттерде Ехобаға деген сенімі Ханнаға күш берген.

Самуил. Ол “Ехобаның алдында өсіп, ержете берді”

Самуилдің балалық шағы несімен ерекше болды? Самуилге ғибадатханада жүргенде сенімін нығайтуға не көмектесті?

Самуил. Ол көңілге қаяу түсіретін жағдайларда жасымады

Біз де ауыр қиындықтар мен көңілге қаяу түсіретін жағдайларға кезігеміз. Сондай кездері сеніміміз сыналып жатады. Осы орайда Самуилден неге үйренеміз?

Исраилдің тұңғыш патшасынан бастап Исаның туылғанына дейінгі кезең

Дәуіт: “Бұл — Ехобаның шайқасы”

Дәуіт Ғолиятты қалай жықты? Дәуіттің бұл оқиғасынан не үйренеміз?

Әбигел. Ол ақылмен әрекет етті

Некеде қиындық көрген Әбигел қандай үлгі қалдырды?

Ілияс. Ол шынайы ғибадат үшін күресті

Қызметте Киелі кітап ілімдерімен келіспейтін адамдарды кездестіргенде, Ілиястың үлгісі бізге қалай көмектеседі?

Ілияс. Ол сергек болып, Ехобаны күтті

Ілияс үздіксіз дұға еткенде, Ехобаның өз уәдесін орындайтынына сенімді екенін қалай көрсетті?

Ілияс. Ол Құдайынан жұбаныш тапты

Ілиястың рухы күйреп, өзіне өлім тілеуіне қандай жайттар түрткі болды?

Ілияс. Ол әділетсіздікке кезіксе де, мойымады

Бәлкім, әділетсіздік сіздің де қабырғаңызды қайыстырған шығар. Олай болса, Құдайдың әділдік орнататын кезді асыға күтіп жүрген боларсыз. Құдайға адал болған Ілиясқа қалай еліктей алатынымызды қарастырайық.

Ілияс. Ол табандылығынан таймады

Ілиястың табандылығы бізге де ешбір сынға сынбайтын сенім дамытуға көмектеседі.

Жүніс. Ол өз қателігінен сабақ алды

Қандай да бір тапсырма алғанда, Жүніс сияқты қорыққан кезіңіз болған ба? Жүніс жайлы оқиғадан Ехобаның шыдамдылығы мен рақымдылығы туралы білеміз.

Жүніс. Ол мейірімді болуды үйренді

Жүністің оқиғасы өз ой-ниетімізді тексеруге қалай көмектеседі?

Естер. Ол өзі үшін өлімнің, халқы үшін өмірдің жолымен жүрді

Естер сияқты жанқиярлық таныту үшін сенім мен батылдық қажет.

Естер. Өжеттік пен даналықты бойына тоғыстырған жанқияр әйел

Естердің Ехоба Құдайы мен халқы үшін жанын аямағаны неден көрінді?

Исаның туылғанынан бастап елшілердің өліміне дейінгі кезең

Мәриям: “Мен Ехоба Құдайдың құлымын!”

Жәбірейіл періштеге берген жауабы Мәриямның сенімі жайлы нені аян етеді? Ол тағы қандай жақсы қасиеттер танытты?

Mәриям. Ол “барлығын көңіліне түйіп алды”

Мәриямның Бетлехемде басынан өткергендері Ехобаның уәделеріне деген сенімін нығайтты.

Мәриям. Ол жанын семсер сұғып алғандай ауыртқан қайғыға шыдай алды

Егер сіз жаныңызды “үлкен семсер сұғып алғандай” ауыртқан қайғыға кезіксеңіз, Мәриямның үлгісі сізге зор көмек болады.

Жүсіп. Ол жақсы әке болды

Жүсіп отбасын қалай қорғады? Неліктен олар Мысырға қашуға мәжбүр болды?

Марта: “Сенемін”

Қалай Марта берік сенімге ие екенін қиын уақытта да көрсете алды?

Мағдалалық Мәриям. “Мен Иемізді көрдім!”

Адал әйел мағдалалық Мәриямға ізгі хабарды басқаларға айту мәртебесі тапсырылды.

Петір. Ол бойындағы қорқынышпен және күмәнмен күресті

Күмән сенімді күйрететін жойқын күшке ие. Алайда Петір қорқыныш пен күмән сезімдерін жеңіп, Исаның соңынан ерді.

Петір. Ол сынақтарда адалдық сақтады

Петірдің сенімі мен адалдығы Исаның түзетуін қабыл алуға септігін қалай тигізді?

Петір. Ол ұстазынан кешіруді үйренді

Иса кешіруге қатысты Петірге нені үйретті? Иса Петірді кешіргенін қалай көрсетті?

Тімөте. “Иемізбен бірліктегі сүйікті әрі адал балам”

Тімөтенің ұяң баладан тамаша бақылаушыға айналуына не көмектесті?