Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

113-ӘН

Құдай сыйлаған татулық

Құдай сыйлаған татулық

(Жохан 14:27)

  1. 1. Даңқтайық Ехобаны, тату Құдайды,

    Ол барлық соғыстарды тыйып тастайды.

    Тыныштық бекзадасы атанып Ұлы,

    Бәріне паш етеді жанын сабырлы.

  2. 2. Аулақпыз ағытудан ашу тиегін,

    Дау туса, тез басамыз тауып бір ебін.

    Қаруды қолға алмай, тату болайық,

    Үйреніп кешіруді, тақпайық айып.

  3. 3. Танылайық біз тату халық ретінде,

    Батасы бұл Құдайдың, ол бізбен бірге.

    Барлық жерде орнатар ол бейбіт заман,

    Тыңдап оны жетейік сол күнге аман.