Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

117-ӘН

Ізгілік қасиеті

Ізгілік қасиеті

(Шежірелер 2-жазба 6:41)

  1. 1. Уа, Ехоба, ізгілігің

    Бөлейді мол батаға.

    Адалдықтан айнымайсың,

    Киелісің сен ғана.

    Біз сияқты пенделерге

    Рақымыңды сен төктің.

    Бас иеміз зор құрметпен,

    Қабыл ал әнін көптің.

  2. 2. Сендегі бұл ізгілігің

    Көрініс бізден табар.

    Жұбатамыз адамдарды,

    Жеткізіп ізгі хабар.

    Мейірімді бағушылар

    Атқарар зор еңбекті.

    Рух жемісі қозғау салсын

    Жасауға игі істі.

  3. 3. Әр адамды аялайық,

    Ешкімді бөліп-жармай.

    Болсын, мейлі, қарапайым,

    Я лаулап жанған оттай.

    Әрбір үйдің, әр қауымның,

    Әр қала адамдарын,

    Ізгіліктен айырмайық,

    Шынайы сүйіп бәрін.