Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

118-ӘН

“Сенімімізді нығайта көр”

“Сенімімізді нығайта көр”

(Лұқа 17:5)

  1. 1. Кемелсіздік бізден үстем, Ехоба,

    Осал жүрек жамандыққа жүйрік.

    Шырмап алар күнә өз құрсауына,

    Берік болмай, қалса сенім күйреп.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Нығайта көр, жалынамыз, Ехоба,

    Ұяласын жүрекке нық сенім.

    Сөзіміз бен үйлесіп істеріміз,

    Мадақтайық есіміңді сенің.

  2. 2. Саған ұнау үшін қажет мол сенім,

    Сөзсіз қайтарасың қарымтасын.

    Үлкен қалқан іспетті сенім барда,

    Қорықпаймыз, алда не болмасын.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Нығайта көр, жалынамыз, Ехоба,

    Ұяласын жүрекке нық сенім.

    Сөзіміз бен үйлесіп істеріміз,

    Мадақтайық есіміңді сенің.